Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады?

665

Ұлттық аспаптар күні Қазақстанда жыл сайын 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде тойланады.

Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады? Фото: inform.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында "Аңыз домбыра" атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Мейрамбек Беспаев, Асылбек Еңсепов, Ғазизхан Шекербек, Жанар Айжанова, "Алашұлы" тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, "Ұлытау" тобы, Райм Уайс, Kyle Ruh, "Made in KZ" және т.б. өнер көрсетеді. 

Концертке белгілі күйшілер - Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысады. Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің халық әндері мен шығармаларын орындайды. Мұнда қазақ халық аспаптары шеберлерін марапаттау өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу