Алматыда Ұлттық ұланның әскери бөліміне 60 жыл толды

305

5449 әскери бөлімі 60 жылда бірнеше рет қайта құрылды.  

Алматыда Ұлттық ұланның әскери бөліміне 60 жыл толды Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Алматыда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының тарихы бастау алатын 5449 әскери бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мерекелік шараға өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері, ардагерлер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Салтанатты жиында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілерді мерейтоймен құттықтады. Ол әр жылдары бөлімде қызмет атқарған әскери қызметшілердің еңбегін атап өтіп, қызмет дәстүрлері мен сабақтастықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

60 жыл ішінде әскери бөлім бірнеше рет қайта құрылып, атауы мен құрылымы өзгерген. Алайда әскери борышқа адалдық пен жүктелген міндеттерді орындауға әзірлік секілді негізгі ұстанымдар сақталып келеді.

Шара барысында әскери қызметшілер мен ардагерлерге бөлім тарихына қосқан үлесі үшін грамоталар, төсбелгілер және естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ Ән-би ансамблі "Ұлттық ұлан – ел айбыны" атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу