Алматыда Ұлы Отан Соғысының ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтуде

Ұлы Отан соғысының ардагері – шекарашы, "Қызыл жұлдыз" орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы", "Құрмет" ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович 100 жасқа толды.

Алматыда Ұлы Отан Соғысының ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтуде Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украин майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды.

Соғыстан соң ол Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркиямен, Иранмен, Қытаймен, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері Николай Александрович ұлымен бірге тұрады, үш немересі, төрт шөбересі бар. 

9 мамырда бәрі жиналып, ардагер аталарын Жеңіс күнімен құттықтайды.

Соғыс ардагерін Алматы әкімдігінің, "Застава Тарландары" ардагер шекарашылардың республикалық қоғамдық ұйымының, ардагерлердің қалалық Кеңесінің, АMANAT партиясының өкілдері, қорғаныс жөніндегі басқарманың әскери қызметшілері, Жас сарбаз әскери- патриотттық клубының жасөспірімдері, ҚР Қорғаныс Күштері әскери-патриоттық орталығы филиалының өкілдері, ҰОС -ның соғысы мен тыл еңбекккерлері ардагерлер Кеңесніңі  қоғамдық қоры, ҰҚК шекара қызметінің әскерилері құттықтады.

Әкімдік және кәсіпкерлер әскери шекаралық гарнизонмен, техниканы жөндеу жөніндегі басқарманың және ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскерилерімен бірге ардагердің үйін жөндеп, аула айналасын тазартып берді.

Айта кетерлігі, мемлекет, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, әскери бөлімшелер тек Жеңіс күні ғана емес, ардагерлерге үнемі қолдау көрсетіп, көмектесіп келеді. Ақшалай төлемдер, түрлі жеңілдіктер жасалып, үйлерінде де, оның ішінде медициналық көмек те көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу