Алматыда Үндістаннан келіп білім алатын студенттерге Қазақстан заңдары түсіндірілді

274

Кездесу С.Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университеттің студенттерімен өтті.  

Алматыда Үндістаннан келіп білім алатын студенттерге Қазақстан заңдары түсіндірілді Фото: kaznmu.edu.kz

Алматы қаласының полициясы С.Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университетінде оқып жүрген  студенттерге "Заң мен тәртіп" тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында студенттерге заңнаманың негізгі нормалары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алматы қаласы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Асхат Құлбаевтың сөзінше, қазір Алматы қаласында мыңдаған шетелдік студент білім алады. Соңғы кезде олар қылмыс жасайтын фактілер жиілеп кетті. Кездесудің мақсаты – қылмыстың алдын алу. 

Мұндай іс-шаралар студент жастар арасында заңға құрметпен қарауды нығайтып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу