Алматыда әуе рейсінің бортында шетелдіктер төбелес шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Келеңсіз жайт "Алматы-Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде орын алды.
"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шетелдік 4 азаматты түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан", – дейді ведомство.
Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу