Алматыда қарбалас уақытта кептелісті айналып өтпек болған әйел көлігімен велосипедшілерге арналған жолға шығып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция көлік тізгініндегі әйелдің жеке басын анықтап, жол белгісінің талабын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ оған жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция өкілдері велосипед жолымен автокөлік жүргізуге тыйым салынатынын ескертті. Алайда тәртіп бұзушыға нақты қандай жаза қолданылғаны хабарланған жоқ.
Осындай құқық бұзушылық үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабында жауапкершілік көзделген. Жол ережесін алғаш рет бұзған жүргізушіге 3 АЕК, яғни 12 975 теңге көлемінде айыппұл салынады.