Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді

202

Шамамен 510 келіні құрайтын 167 қорап пиротехникалық өнім тәркіленді.

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 52 деректі анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

– Өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – жарақат алу мен өрт шығу қаупінің алдын алу, сондай-ақ жаппай және мерекелік іс-шаралар кезеңінде азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдай береді, – деді Асхат Құлбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу