Алматыда заңсыз интернет-казинолардың төлем жүйесін ұйымдастырғандар анықталды

332

Заңсыз ойындардан 110 млн теңгеден астам қаражат түскен.  

Алматыда заңсыз интернет-казинолардың төлем жүйесін ұйымдастырғандар анықталды Фото: retailtimes.co.uk

Алматыда заңсыз интернет-казинолардың жұмысын қамтамасыз еткен адамдар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер "Olymp Casino", "Rukh Poker" және "7Kcasino" интернет-казиноларының төлем жүйесін ұйымдастырған. Ойыншылардан қаражат қабылдау және оны өңдеу "Rocket.do" онлайн-платформасы арқылы жүзеге асырылған.

Іске қатысушылардың бірі шетел азаматы болған. Ол 200 долларға дейін сыйақы ұсынып, банк шоттарын пайдалануға беретін адамдарды іздеген. Кейін табылған дропперлерді Қазақстанға әкеліп, ХҚКО-да ЖСН рәсімдетіп, банк бөлімшелерінде шот аштырған.

Тергеу барысында күдіктінің 15 шетел азаматының банк шоттарына қол жеткізгені және өз шотын да пайдалануға бергені анықталды. Жалпы 16 дроппердің шотына ойыншылардан түскен қаражат көлемі 110 млн теңгеден асқан.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Тағы үш адамға ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу