Алматыда заңсыз майнингтік ферма анықталды

1408

Ол индустриялық аймақта орналасқан.

Алматыда заңсыз майнингтік ферма анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Алматы индустриялық аймағында орналасқан майнингтік ферманы анықтады, деп жазды inbusiness.kz.

Тергеу сотының санкциясымен жүргізілген тінту барысында 6 контейнерде криптовалюта өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700-ден астам жабдық анықталып, тәркіленген. 

“Тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді”, – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу