Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және құрылыс бақылау басқармасы Поддубный көшесі, 119-үй мекенжайында орналасқан заңсыз нысанның бұзылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз қосымша құрылыс салып, оны жазғы дәмхана ретінде пайдаланып келгені анықталған.
Осыдан кейін меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою және нысанды бұзу туралы нұсқама берілген.
Қазіргі уақытта нысан меншік иесінің тарапынан ерікті түрде бұзылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу