Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Құрманғазы көшесі, 43 мекенжайында орналасқан дәмхананың қосымша бөлігі заң талаптарын бұза отырып салынған.
Жоспардан тыс тексеру кезінде заңсыз құрылыс фактісі анықталып, нысан иесіне қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылған.
Кейін істі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап, меншік иесін кінәлі деп таныған. Сот шешімімен заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу міндеттелді.
Басқарма мәліметінше, сот қаулысын орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз қаражаты мен күші есебінен толықтай бұзған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу