Алматыда заңсыз салынған қосалқы нысан сүрілді

110

Бұл туралы Алматы әкімдігінің қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.  

Алматыда заңсыз салынған қосалқы нысан сүрілді Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Бұл нысанның заңсыз салынғанын басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеру барысында анықтаған. Меншік иесі нысанды рұқсат құжаттарынсыз салған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жұмабаев көшесі, 23Б мекенжайындағы кафе жанында салынған қосалқы нысан сот шешімі бойынша бұзылатын болды", – делінген басқарма хабарламасында.

Бұл іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

2025 жылдың 27 маусымында Мамандандырылған ауданаралық соты меншік иесін кінәлі деп тапқан. Кафе қожайыны сот шешімі бойынша заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзуы керек болған.

Сот талабы орындалып, заңсыз нысан толығымен сүрілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу