Алматыда заңсыз салынған "Үміт" базары бұзылып жатыр

262

Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.  

Алматыда заңсыз салынған "Үміт" базары бұзылып жатыр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сот шешімімен Рысқұлов даңғылы, 420 мекенжайында орналасқан "Үміт" базары сүріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне тиісті құжаттарының болмауына байланысты айыппұл салынған. Бұдан өзге заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

2025 жылы 22 шілдеде басқарма аталған нысанды сүру туралы талап-арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады.

2025 жылы 27 тамызда сот басқарманың талабын қанағаттандырды.

Сот шешімін орындау аясында меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзуды бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу