Алматыда заңсыз сатылған 500 литрден астам алкоголь тәркіленді

205

Қалада екі күн ішінде 300-ден астам сауда және ойын-сауық нысаны тексерілді.

Алматыда заңсыз сатылған 500 литрден астам алкоголь тәркіленді Фото: vestnik19.kz

Алматыда алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Профилактикалық шараларды полиция мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізді.

Екі күн ішінде 300-ден астам нысан, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сатқан 17 жеке кәсіпкер анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді.

Бұдан бөлек, алкоголь сату кезінде заңнама талаптарын бұзған тағы 12 кәсіпкер ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай рейдтер жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Негізгі мақсат – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қойып, құқық бұзушылықтардың алдын алу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу