Алматыда заңсыз жарнама тақтайшаларын жою жұмыстары басталды

290

Бұл туралы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері айтты.  

Алматыда заңсыз жарнама тақтайшаларын жою жұмыстары басталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда сыртқы жарнама нысандарын белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мониторинг барысында сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру қағидаларына сәйкес келмейтін, заңсыз орнатылған құрылымдар анықталады. Мұндай нысандардың иелеріне заң бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда жарнама құрылымдары алынып тасталады.

"Қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп, көшелердің көркін бұзатын, сондай-ақ жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіретін нысандарға баса назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да күшейтіледі", – деді басқарма өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу