Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

584

Темір тұлпар мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

Алматы қалалық полиция қызметінің мамандандырылған батальоны ІІМ-нің белгілері бар Hyundai автокөлігін ұстады, деп жазды inbusiness.kz.

"Белгілі болғандай, көлік фильмдердің біріне реквизит ретінде пайдаланылған. Яғни сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарды. Елестетіп көріңізші, егер әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар ПД-да осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, әрбір мұндай эпизодқа түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу