Алматыда жалған ПТР-анықтамасын сатқан студент ұсталды

749

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Алматыда жалған ПТР-анықтамасын сатқан студент ұсталды

Алматыда жалған ПТР-анықтамасын сатқан медицина университетінің студенті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде 25 жастағы Х. есімді студент ұсталды. Ол медицина университетінде медициналық қызметкер болып жұмыс істеген.

"Жедел ақпаратты бірнеше күн тексердік. Нәтижесінде ол расталды. 
Күдікті қызметін 20 мың теңгеге бағаланған. Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол тек бір рет жалған ПТР-анықтамасын жасағанын айтты. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындағанын анықтаймыз",–  деді Алматы қаласы ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу