Алматыда жалған түбіртектермен сауда жасаған күдікті ұсталды

111

Тергеу мәліметінше, күдікті шағын азық-түлік дүкендерінің иелері мен сатушыларын алдау арқылы пайда тапқан.  

Алматыда жалған түбіртектермен сауда жасаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін оның алаяқтық фактілер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Ол арнайы қосымшаларды пайдаланып, тауар үшін онлайн төлем жасалғаны туралы жалған электронды чектерді алдын ала дайындаған. Дүкенде есеп айырысу кезінде сатушыға жалған түбіртек көрсетіп, ақша аударылғандай әсер қалдырған, алайда нақты төлем жасалмаған. Осылайша тауарды ақысыз алып отырған.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтары мен жәбірленушілер анықталып жатыр.

– Күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен. Қосымшалар арқылы онлайн төлем жасалғаны туралы жалған чектер дайындап, шағын дүкендердің сатушыларын адастырған. Көп жағдайда есеп айырысу қолма-қол ақшасыз жүргізілетіндіктен, адамдардың мұқият тексермейтініне сенген. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, жәбірленушілердің толық тізімі анықталуда, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Полиция кәсіпкерлер мен сауда саласы қызметкерлерін сақ болуға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу