Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

1133

Жақын арада тағы 500 автобус Алматыға жеткізіледі.

Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

Бүгін Алматы қаласында едені төмен, Евро-5 санаттағы экологиялық жанармаймен жүретін "Yutong" автобустары №7 бағытқа шықты, деп хабарлайды almaty.tv.

Жаңа автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған. Жыл соңына дейін қаладағы автопарк 100 пайызға жаңармақ. Жақын арада тағы 500 автобус Алматыға жеткізіледі. Қала тұрғындарының сұрауымен Алматы әкімдігі бұл көліктерді № 38 және №48 маршруттарға шығармақ.

Шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында электр энергиясымен жүретін көлік санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта үшінші буындағы электроавтобустар құрастыратын Қазақстан-Германия-Гонконг бірлескен зауыты салынып, 300 орындық автопарк құрылған болатын.

"Алматыда жасалған алғашқы 10 автобус жақында жолға шығады. Троллейбус байланыс желілерін дамыту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Жаздың соңына дейін 50 электрондық табло орнатылады", ­– деді баспасөз қызметінде.

Жалпы, соңғы үш жылда Алматы автобус паркіне 1113 қоғамдық көлік сатып алынды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу