Алматыда жаңа демалыс аймағы құрылады

190

Қазір жобаға 10-ға жуық адам, оның ішінде 5 сәулетшімен қатар ботаника, көлік және ландшафт жөніндегі кеңесшілер қатысып жатыр. 

Алматыда жаңа демалыс аймағы құрылады Фото: freepik

Алматыда "Medeu Eco Park" атты бірегей демалыс аймағын құру ұсынылды. Жобаның авторлары аталған бастаманы талқылап, БАҚ өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа демалыс аймағында отбасылық тынығу орындарымен қатар, қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы көлік торабы да қарастырылады.

Мұндай жүйе бұған дейін Токио, Мәскеу, Париж сияқты ірі мегаполистерде енгізіліп, өзінің тиімділігін дәлелдеген.

"Талдау жасадық. Шетелдердегі барлық саябақтарды қарап шықтық. Қазақстанға сай, сұраныстарға лайықты келетін тың шешім жобаны дүниеге әкелді", – деді жоба авторы Айдана Мұратжанова.

Жоба авторларының айтуынша, "Medeu Eco Park"-те отбасылық демалысқа қажетті барлық жағдай жасалмақ. Фуд-корт, балаларға арналған білім беру орталығы, спорт нысандары мен түрлі павильондар да жоспарда бар. Қазіргі таңда саябақ салынар орын заңсыз қоқыс төгілген бос аумақ.

Айта кетейік, қазір жобаға 10-ға жуық адам, оның ішінде 5 сәулетшімен қатар ботаника, көлік және ландшафт жөніндегі кеңесшілер қатысып жатыр.

"Бұл – алғашқы баспасөз мәслихаты. Халыққа бірінші таныстыра жатырмыз. Сондықтан бізге сарапшылардың пікірін тыңдау пайдалы болар еді. Әзірге тек тұжырымдама және бастама түрінде ұсындық, егер ол қолдау тапса, егжей-тегжейлі жобалауды бастаймыз", – деді "Medeu Eco Park" жетекшісі Теміржан Мейрамбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу