Алматыда жаңа қонақүйлер көбейді

159

Былтыр жеке инвестиция есебінен жалпы 941 бөлмелік 48 туристік нысан пайдалануға берілген.  

Алматыда жаңа қонақүйлер көбейді Фото: gov.kz

Қалада қонақүй инфрақұрылымы қарқынды дамып, бұл салаға инвесторлардың қызығушылығы артып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қонақүй санының артуы орналастыру мүмкіндігін кеңейтіп, инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырды.

2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып отыр. Жаңа нысандардың қатарында 77 бөлмелі Zumma Hotel бар. Сонымен бірге, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылатын 7 763 бөлмеден тұратын 70 қонақ үй жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Халықаралық брендтердің келуі отандық нарыққа қосымша серпін бермек. Алдағы жылдары Hilton Hotels & Resorts, Sheraton Hotels and Resorts, Radisson Hotel Group және Marriott International басқаруындағы қонақүйлер ашылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу