Алматыда жаңа Конституцияға қатысты фейк таратқан тұрғын жазаланды

78

Департаменттің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып есептеледі.

Алматыда жаңа Конституцияға қатысты фейк таратқан тұрғын жазаланды Фото: canva

Алматы полициясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы жалған ақпарат таратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу