Алматыда жер телімдерін 20 жыл мерзімге резервке алу туралы қаулы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған учаскелердің толық тізімі krisha.kz сайтында жарияланды.
Бұл аумақтарда кез келген құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Тізімге жалпы аумағы 3,43 гектар болатын 30 жер телімі енгізілген.
Шектеу қаланың 5 ауданына қатысты:
- Бостандық,
- Медеу,
- Әуезов,
- Алатау,
- Наурызбай.
Бұл жер телімдері мемлекет меншігінде қалады, оларды сатуға да, құрылыс салуға да болмайды. Мұндай шешім қаланың болашақ жобаларын жолдар, мектептер және өзге де инфрақұрылым нысандарын іске асыруға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу