Алматыда жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп ашылады

355

Жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы нәтижесінде қалада 12,2 мың жаңа оқушы орны құрылады.  

Алматыда жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп ашылады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мәселе қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде қаралды.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалада сегіз жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның жетеуі "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынса, тағы бірі жергілікті бюджет есебінен бой көтерген. Сонымен қатар үш қолданыстағы мектепке қосымша ғимараттар салынып жатыр.

Қазіргі таңда Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы білім алады. Соған қарамастан, қалада шамамен 30 мың оқушы орнына қажеттілік сақталып отыр. Әсіресе, Әуезов, Алатау және Бостандық аудандарындағы мектептерде орын тапшылығы жоғары.

Жұмыс кеңесінің қорытындысында қала әкімі білім беру нысандарын белгіленген мерзімде пайдалануға беруді, жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды және оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу