Алматыда жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен ана сотталды

629

Әжетханадан табылған нәресте 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, артынша балалар үйіне жіберілді.  

Алматыда жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен ана сотталды Фото: aikyn.kz

Алматының Түрксіб ауданындағы көшедегі әжетханаға өз нәрестесін тастап кеткен кәмелетке толмаған ана сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы сотының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушының жаңа туған баланы анасының өлтіруіне оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 24-бабы 3-бабы, 100-бабы).

"Сот үкімімен К.жаңа туған нәрестені анасының өлтіруіне оқталғаны үшін кінәлі деп танылды және оған 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық істің жабық режимде қаралуына байланысты өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Үкім заңды күшіне енді", - деп мәлімдеді қалалық сот.

Еске салсақ, былтыр 25 тамызда Алматы қалалық полиция департаменті жаңа туған нәрестені құтқаруға арналған арнайы іс-шара өткенін хабарлаған болатын. Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатуновтың айтуынша, сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағандығы туралы хабар берілген. Полицейлер оқиға орына барып, шақалақтың дәретхана шұңқырында жатқанын көрген. Учаскелік инспектор Нұржан Шатунов сәбиді қызметтік көйлегіне орап, аман алып шыққан болатын.

Осы батылдығы үшін оған ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен майор шені берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу