Алматыда жаңа жыл түні пәтер тонағандар ұсталды

130

Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген.  

Алматыда жаңа жыл түні пәтер тонағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті 3 азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды.

Арнайы операцияны қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізді.

Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Күдіктілер мерекелік түні пәтер иелері үйде болмайды, ал адамдардың назары мейрамға ауған болады деп үміттенген. Алайда олардың заңсыз әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Үш күдікті де ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу