Алматыда жанып жатқан үйден балаларды құтқарған әскери қызметкер марапатталды

533

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін "Ел қорғаны" медалімен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматыда жанып жатқан үйден балаларды құтқарған әскери қызметкер марапатталды Фото: gov.kz

Марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады.

15 желтоқсан Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққан болатын. Әскери қызметші ол туралы таныстарынан естіп, ойланбастан оқиға болған жерге барған. Жандос Барлыбаев  өртке оранған 2-ші қабатқа терезе торларымен көтеріледі. Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, сондай-ақ анасының жанып жатқан ғимараттан шығуына көмектескен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу