Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды

813

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.  

Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды

Ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері төбелеске қатысқан.

– Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу