Алматыда жаппай жол апаты тіркелді: Зардап шеккендердің арасында 2 бала бар

228

Жол-көлік оқиғасы 18 қазанда Сүйінбай көшесінде тіркелді.

Алматыда жаппай жол апаты тіркелді: Зардап шеккендердің арасында 2 бала бар Фото: zakon.kz

Сидорская және Баянауыл көшелерінің аралығында 4 автокөлік өзара соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан Hyundai көлігінің жүргізушісі, BMW тізгінінде болған әйел және оның көлігінде отырған екі бала зардап шеккен. Сондай-ақ апат кезінде жолдан жүгіріп өтпек болған жаяу жүргіншінің де жарақат алғаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасына байланысты Сүйінбай көшесінің осы бөлігінде көлік қозғалысы қиындады.

Қазіргі уақытта полиция апаттың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу