Алматыда жасөспірім мотициклмен жыраға құлады

149

Жасөспірім мотоцикл жүргізіп келе жатып 10 метрлік жыраға құлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматыда жасөспірім мотициклмен жыраға құлады Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Оқиға болған жерге Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірімді құтқарып қалды. 

Алматының Бостандық ауданында үлкен Алматы шатқалында рейдтік іс-шаралар кезінде мотоциклмен жүрген жасөспірімнің 10 метрлік жыраға құлағанын анықталыпты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Министрлік таулы аймақта қауіпсіздік шараларын сақтауды және қорғаныс құралдарын қолдануды ескертіп, азаматтардың өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау керегін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу