Алматыда жасөспірімді қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Әлеуметтік желілерде Сейфуллин-Райымбек көшелерінде болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы кеңінен тарады.   

Алматыда жасөспірімді қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр Фото: instagram.com/kris__p__almaty

Онда жолдан өтпек болған 15 жастағы баланы жүргізушінің қағып кеткенін байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиғадан соң оның көлігін қайта мініп, қашып кеткені таспаға түсіп қалған. Қазіргі уақытта жасөспірім ауруханада ем қабылдап жатыр.

Алматы қаласы Полиция департаменті бұл фактіны растады және жүргізушіні іздеп жатқанын хабарлаған. 

– Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алмалы ауданының полиция қызметкерлері тергеуді бастады, – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен баланың туған-туыстары "тергеу ұзаққа созылып кете ме?" деп алаңдайды. Сол себепті, оқиға куәгерлері мен қандай да бір ақпарат білетіндерді хабарласуға шақырып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу