Алматыда жаяу жүргінші екі автобустың ортасында қысылып қала жаздады

116

Жүргізуші мен жолаушының арасында жанжал шықты. 

Алматыда жаяу жүргінші екі автобустың ортасында қысылып қала жаздады Фото: видео скриншот

Алматыда жолдың бойында автобус жүргізушісі мен жаяу жүргінші сөзге келіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіге шыққан видеодан Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында ер адам жүріп бара жатқан автобустың алдына шығып, тұрып алғанын көруге болады. Себебі ол басқа көлікті автобустың алдынан өткізгісі келген. Бірақ автобус жүргізушісі көлікті тоқтатпай, алға қарай жүре берді. Салдарынан жаяу жүргіншіні алдындағы автобусқа қыса жаздады. Кейін екеуінің арасында жанжал шықты. 

Алматы қалалық полиция департаменті көлікке жол беру және қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережелерін сақтамау туралы жол ережесі талаптарын орындамағаны үшін автобус жүргізушісі жауапқа тартылғанын, ал жаяу жүргіншінің жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу