Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

973

Белгісіз адамдар мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында жедел жәрдем қызметінің 3 көлігін тартып алған. 

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Соған қарамастан жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті, деп жазды Inbusiness.kz мегаполис тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.

"ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері, оның ішінде 2 жүргізуші және 3 фельдшер жарақат алды. Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі әбден бүлінді. Олардың фаралары сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және тағы басқа. 4 автокөлік мүлде жарамсыз күйде. Сонымен қатар мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайтарылды", – деп хабарлады штаб. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу