Жеке сот орындаушысы талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі соттың қабылдаған шараларына қарамастан, борышкердің банктік шотынан екі рет заңсыз тыйым салуды алып тастағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Нәтижесінде өндіріп алушының құқықтары бұзылған, өйткені жауапкер ақша қаражатына кедергісіз пайдалану мүмкіндігіне ие болған. Бұл сот актісінің нақты орындалуына қауіп төндірді.
Тексеру нәтижелері бойынша қала прокуратурасы жеке сот орындаушысы лицензиясын қолдануына тоқтау қоя отырып, Әділет департаментіне қадағалау актісін енгізді", – делінген хабарламада.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен жеке сот орындаушысы өзінің кәсіби қызметімен айналысу құқығынан айырылды.