Алматыда тағы жер сілкінді

1031

Облыс және қала тұрғындарының смартфонына жер сілкінісі туралы төтенше хабарлама келген. 

Алматыда тағы жер сілкінді Фото: canva.com

Көп ұзамай Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркегенін растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде болған.

Есептік қарқындылығы (балмен): Алматы қаласы 2 балл, Қарасай қаласы (Қаскелең) 2 балл, Қарғалы ауылында 2 балл тіркелген.

Ал Android Earthquake Alerts System деректері бойынша, шамамен 4,3 магнитудалы жер сілкінісі 20:35-те болып, Қазақстан мен Қырғызстан аумақтарын қамтыған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу