Алматыда "Жетісу-Семиречье" базарын бұзу жұмыстары басталды

547

Заңсыз салынған нысанға қатысты сот шешімі шықты.

Алматыда "Жетісу-Семиречье" базарын бұзу жұмыстары басталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында орналасқан базардың жалпы аумағы 56 мың шаршы метрден асатын сауда орындарын бұзу жұмыстары басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін жүргізілген тексеру кезінде "Статус Construction" ЖШС рұқсат құжаттарынсыз жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болатын сауда орындарын салғаны анықталды.

"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз нысандарды бұзу туралы талап арызбен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді", – делінген басқарма таратқан хабарламада.

Осыдан кейін сот талқылаулары өтті.

Алматы қалалық сотының қаулысымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың заңсыз нысандарды бұзу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Іс материалдары шешімді орындау үшін Әділет департаментіне жолданды. Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысандарды бұзу жұмыстарын өз бетінше бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу