Алматыда жоғалып кеткен бала табылды

549

9 жасар Месут анасының қолына тапсырылды. 

Алматыда жоғалып кеткен бала табылды

Месут Мырзақұлов есімді 9 жасар бала 1 қыркүйекте түскі 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бір тәуліктен бері із-түссіз кеткен баланы іздестіруге 250 адам жұмылдырылып, іздеушілер аман-есен тапты, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. 

"Жедел-іздестіру іс-шараларының аралық нәтижелері бойынша Месуттың үйінен шығып, әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барғаны анықталды. Бейнебақылау камералары баланың Қалдаяков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқанын көрсетті. Оның үйі жеке секторда, тауға жақын, Кеңсай зиратының артында орналасқан. Біріншіден, осы бағытта іздестіру ұйымдастырылады. Оған кинолог, Ұлттық ұланның 100 жауынгері, жедел әрекет ету бөлімінің 20 қызметкері, ювеналды полицияның 50 инспекторы және аудандық деңгейдегі учаскелік полиция инспекторы, қалалық криминалдық полицияның 40 жедел уәкілі, Месут оқитын мектептен 20 ерікті және 5 мұғалім тартылды. Сонымен қатар, қараусыз қалған ғимараттарды мобильді топтар тексеріп жатыр. Азаматтардан қоңырау шалып жатыр, біз хабарламаның әрқайсысын тексереміз. Іздеу оң нәтиже береді деген үміттеміз", –  деген қалалық полиция департаменті кейін баланың табылғанын хабарлады. 

"Бала аман-есен табылды. Қазір анасының қолына тапсырамыз", – деді полициядан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу