Алматыда жол апатынан 2 адам ажал құшты

375

Сондай-ақ, апаттан тағы 2 адам жарақат алды.

Алматыда жол апатынан 2 адам ажал құшты Фото: zakon.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 03:10-да Алатау ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала болжам бойынша Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан Suzuki маркалы автокөлігі Шәріпов көшесінің қиылысында кері бұрылмақ болып, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.

– Алған жарақаттардан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады департаменттен.

Екі адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Апаттың мән-жайы анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу