Алматыда жол жөндеу бойынша ақпараттар жинақталған Telegram арна ашылды

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Алматыда жол жөндеу бойынша ақпараттар жинақталған Telegram арна ашылды Фото: Liter.kz

Ондағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жарияланады.

"Telegram платформасында Almaty_Joly жаңа арнасы ашылды. 

Онда аудандық маңызы бар көшелер мен магистральды жолдарды жөндеу кезіндегі қаладағы көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы барлық ақпарат жинақталған. Арнадағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жазылады", – деп хабарлады әкімдік.

Бұған қоса, Алматы әкімдігі 2ГИС сервисі арқылы қала тұрғындарын жол жөндеу жұмыстары жайлы құлақтандыруға қол жеткізді. Қосымшадан пайдаланушылар қаладағы жабылған көшелер мен жол жұмыстарын біле алады.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтар туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында да қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу