Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны өсті

28 586 жағдайы тіркелсе, оның 69,1%-ы балалар. 

Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны өсті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен бірге ол бірқатар жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

"Эпидемиологиялық жағдай мегаполисте тұрақты. Алматыда қауіпті аурулар тіркелмеген, оның ішінде тырысқақ, оба, сібір жарасы, геморрагиялық қызба, дифтерия, қызылша, қызамық, сіреспе және т.б. Бұл жағдай эпидемиологтардың бақылауында, бір қуантатыны, бұл инфекциялар мегаполисте таралмаған", – деп бастады сөзін спикер.

Спикердің айтуынша, қалада менингококкты инфекция, токсокароз, лямблиоз, сырттан әкелінген безгек жағдайлары (Оңтүстік Африкадан) және тұмаудың үш жағдайы тіркелген.

Бас санитар дәрігер тамақтан улану, ботулизм, листериоз, серозды менингит, А вирусты гепатиті, жіті В вирусты гепатиті, кене энцефалиті, анықталған коронавирус инфекциясы бойынша жағдай туралы баяндады. Бұл ретте сырқаттану көрсеткішінің өскені байқалады.

 "Денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп барлық инфекция және паразиттік аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар уақтылы жүргізілді", – деп атап өтті Қасымхан Алпысбайұлы.

Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталған СЭБД басшысы қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың маусымдық өсуі байқалғанын атап өтті. Мәселен, өткен аптада ЖРВИ-дің 28 586 жағдайы тіркелсе, оның 69,1%-ы балаларда (18649 жағдай).

Зертханалық мониторингке сәйкес, қалада риновирустар, РС вирусы, парагрипп вирусы және маусымдық коронавирус сияқты жедел респираторлық вирустық инфекциялар таралған.

"Жалпы ДДҰ-ның эпидемиологиялық және зертханалық деректерін ескере отырып, алдағы эпидемиялық маусымда айналымда тұмау вирусының А (H1N1), A (H3N2) және В типті штамдары өзекті болады. Сондықтан тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – дер кезінде оған қарсы вакцина алу. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда қазан-қараша айларында алу керек", – деп кеңес берді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Вакцина алғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасып тек қана маусым бойы сақталады. Бүгінгі таңда 125 мыңнан астам алматылық тұмауға қарсы вакцина алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу