Алматыда жұмысқа орналасқан жастар саны 14 мыңнан асты

333

Жыл басынан бері 9,2 мың жас сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқудан өтті.  

Алматыда жұмысқа орналасқан жастар саны 14 мыңнан асты Фото: 19rusinfo.ru

2026 жылдың басынан бері Алматыда 14,3 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылып, олардың еңбек жолын бастауына және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалада еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға басымдық берілуде. Жыл басынан бері 9,2 мың жас кәсіби даярлықтан өтіп, олардың көпшілігі жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар Алматыда жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған "Жасыл ел" жобасы іске асырылып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қалада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі мен NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу