Алматыда жұмыспен қамту бойынша жаңа 47 нысан салынады

923

Нәтижесінде мегаполисте 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Алматыда жұмыспен қамту бойынша жаңа 47 нысан салынады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг барысында Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы шаһарда жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан бірқатар мәселелерге тоқталды. 

"Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет қаулысымен "Жұмыспен қамту жол картасы" қабылданғаны белгілі. Бүгінде Алматы қаласында Жұмыспен қамту жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде іріктеру жүріп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрғын-үй коммуналдық- шаруашылық объектілерін, инженерлік көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ, елді мекендерді абаттандыру сияқты жобаларға жүзеге асырылады", — деді Данияр Әлкебайұлы.

Сонымен қатар Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Бұл мақсатта кейінгі буынға арнап 26 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынбақ. Нәтижесінде мегаполисте 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады.

"Жол картасы аясында жұмысқа орналасу үшін  6408 адамнан түйіндеме қабылданды, оның ішінде 708 адам — құрылыс алаңдарында жұмыс істеуге өтініш берген. Барлығы 12 жоба тіркелді, 468 жұмыс орны ашылды. Қазіргі кезде тіркелген жұмыссыздардың ішінде 38 адам жұмысқа орналастырылды", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу