Полиция барлық құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырды:
– ҚР ӘҚбК-нің 442-бабы – Сыртқы жарық түсіру құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу (маячоктарды заңсыз орнату);
– ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы, 1-бөлігі – Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралын басқару;
– ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы – Қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу (өзен арнасына көлікпен кіру);
– ҚР ӘҚбК-нік 603-бабы, 1-бөлігі – Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу;
– ҚР ӘҚбК-нің 612-бабы, 2-бөлігі – Кәмелетке толмаған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде анасы да оның тәрбиесіне тиісті деңгейде мән бермегені үшін жазаланды.
Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.