Алматыда жүргізушілерге сақ болуға кеңес берілді

1148

Қалада нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. 

Алматыда жүргізушілерге сақ болуға кеңес берілді

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қалада және тауларда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

"2022 жылғы 22 наурыздағы №7 ауа райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескерту негізінде Алматыда және тауларда 23 наурызда нөсер жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері жүргізушілерге көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің астына қоймауға кеңес берді:

– Есіңізде болсын, қар жауғанда және көктайғақ кезінде көлікті жүргізу қиын болады. Жүргізуші көліктің рөліне ие бола алмай қалуы мүмкін. Салдарынан жаяу жүргіншілердің қағып кетуі ықтимал;

– Көшелерді жол қозғалысы белгілері орнатылған жерден өту керек;

– Жолдан өткенде сақ болыңыз;

– Көктайғақта байқап жүріңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу