Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді

358

Санитарлық мақсатта кесу жұмыстарының жылдық жоспарының 46 пайызы орындалды.  

Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді Фото: informburo.kz

Алматыда қаланың жасыл қорын күтіп ұстау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері санитарлық мақсатта 32,3 мыңнан астам ағаш кесілген.

Қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, бұл жылдық жоспардың 46 пайызына тең. Жұмыстарды "Алматы Тазалық" МКК мамандары жүргізіп жатыр.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, санитарлық мақсатта кесілетін ағаштардың көлемі екі есеге артып, жыл соңына дейін 140 мыңға жеткізіледі.

Қазір жұмыстар қаланың негізгі магистральдық көшелері мен көлік дәліздерінде жүргізіліп жатыр. Оған 32 мамандандырылған бригада, 160 қызметкер және 34 арнайы техника, оның ішінде 18 автогидрокөтергіш жұмылдырылған.

Сонымен қатар жыл басынан бері қаланың барлық сегіз ауданында 8,7 мың ағашқа қалыптап кесу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар жасыл желектердің саулығын сақтауға, қаланың көркін жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу