banner

Алматыда жылу магистралі қалпына келтірілді

Апат болған жерде көлік қозғалысы қайта жанданды.  

Алматыда жылу магистралі қалпына келтірілді Фото: Видеодан скриншот

Алматыда Шәріпов көшесінде (Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысы) болған жылу трассасындағы апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап.

"11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтірді. Тексерістен соң жылу магистралі іске қосылды, сағат 2.40-та жылу беріліп, қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Ауа райы қолайлы болса асфальт жабындысын 13 қарашаға дейін жөндеу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу