Алматыда жылыту маусымына дайындық барысында құбыр жарылды

641

Желіден тараған ыстық су адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді.

Алматыда жылыту маусымына дайындық барысында құбыр жарылды

Алматыда құбырлады гидравликалық сынақтан өткізу кезінде құбыр жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Алматы жылу желісі" ЖШС-ға сілтеме жасап.

Апаттық жағдай 6 қыркүйек таңғы сағат 6:00 шамасында орын алған.

 "Медеу ауданындағы Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу барысына асфальт бетіне ыстық су шыққан. Ол адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді",- деп жазылған хабарламада.

Су температурасы +65 градустан аспаған. Инженер-техник мамандар жағдайды дер кезінде бақылауға алып, жөндеу жұмыстарын бастаған.

"Диаметрі 200 мм құбыр жарылды. Ол 1988 жылы төселген ескірген құбыр. Қазір мамандар істен шыққан жылу желісін ауыстыруда",- деп жазылған хабарламада. 
Еске сала кетсек, Алматыдағы жылу желілерінің жартысынан астамы әбден ескірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу