Алматыдағы №2 ЖЭО-да газбен жұмыс істейтін жаңа қазандық іске қосылды

287

Жаңа қазандық қалаға жылу бере бастады.

Алматыдағы №2 ЖЭО-да газбен жұмыс істейтін жаңа қазандық іске қосылды Фото: malim.kz

Алматыдағы №2 жылу электр орталығында табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл станцияны көмірден газға көшіру және жаңғырту жұмыстарының маңызды кезеңі болды.

Жаңа қазандық қала тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған. Оның іске қосылуы жылу қуатының резервін қалыптастырып, тұтынушыларды тұрақты жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Келесі кезеңде станцияда электр энергиясын өндіруге арналған бу-газ қондырғысының энергетикалық жабдықтарын іске қосу жоспарланған.

ЖЭО-ны жаңғырту нәтижесінде көмірден толық бас тарту, электр және жылу энергиясын өндіру тиімділігін арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар бұл жоба Алматыдағы экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу