Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы 10 күнге шектеледі

744

Оған себеп жол жөндеу жұмыстары.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы 10 күнге шектеледі

Алматы қалалық мобильділік басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, шаһардағы ең үлкен жолдардың бірі жол жөндеу жұмыстарына байланысты 10 күнге жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын толық ауыстыру, яғни, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-маусым мен 10-маусым аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Алматылықтардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес бересіз", – деп жалылған Алматы қалалық мобильділік басқармасы таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу