Алматыдағы Әуежай көлі маңы абаттандырылады

264

Көл жағасында серуендеу жолдары мен демалыс аймақтары пайда болады.

Алматыдағы Әуежай көлі маңы абаттандырылады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда Әуежай көлінің жағалауын көркейтіп, тұрғындарға арналған жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаға сәйкес, аумақта серуендеу жолдары салынып, жарықтандыру жүйесі орнатылады.

"Желтоқсан" саябағында Түрксіб ауданы әкімдігінің, "Алматыбасжоспар" және "Almaty Invest" өкілдері тұрғындармен кездесіп, көл маңын дамыту жоспарын таныстырды.

Жоба аясында жағалауды абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және демалыс аймақтарын ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылмақ. Қазір аумақтың кейбір бөлігінде жаяу жүргіншілерге арналған қолайлы өткелдер мен жарықтандыру жоқ. Ал тік жарлардың биіктігі жеті метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ Бұқтырма көшесі жағынан автотұрақ пен өрт сөндіру депосын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Аумақты дамытуға инвесторлар тарту жоспарланған.

Жоба жүзеге асса, көл маңы тұрғындар серуендеп, отбасымен демалатын және қалалық іс-шаралар өткізетін қоғамдық кеңістікке айналмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу